— icils деген не?

ICILS (ағыл.International Computer and Information Literacy Study) – әлемдегі әртүрлі елдердің 8-сынып білім алушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылық деңгейін салыстыратын, сонымен қатар ұлттық білім беру жүйелерінің айырмашылығын анықтайтын халықаралық зерттеу.

ICILS мақсаты – оқушылардың IT-құзыреттері деңгейін бағалау және олардың оқу жетістігіне ықпалын анықтау. Бұл зерттеу оқушылардың IT-құызретін қалыптастыру мектеп біліміне қалай әсер етеді және балалардың IT-дағдыларының дамуына қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтарға жауап береді.