1. Науқанның атауы: «ҰБТ-ға дайындалып, Apple гаджеттеріне қол жеткіз» (бұдан әрі — Науқан).
2. Науқан мерзімі: 2023 жылдың 1 қарашасынан 28 желтоқсанына дейін.
3. Жүлделер::
- 1 орын — iPhone 15;
- 2 орын — iPad 10.2;
- 3 орын — Apple AirPods Max;
- 4-10 орындар — Apple AirPods.
4. Науқан қатысушылары: Науқанды өткізу кезеңіне сай жылдық жазылымы бар 10-11 сынып оқушылары. Егер оқушының жазылымы болмаса, оны жеке кабинет арқылы 9 500 теңгеге сатып алу қажет.
5. Қатысушының жылдық жазылымы Науқан мерзімінің соңына дейін аяқталса, Қатысушының нәтижелері жазылым аяқталған кезге дейін ескеріледі. Әрі қарай қатысу үшін жылдық жазылымды қайта сатып алу қажет.
6. Науқан жеңімпазы қосымша Жүлде алуға құқылы емес.
7. Қатысушы, Науқанға қатыса отырып, Науқанның барлық ережелері мен шарттарымен танысқанын және оларға келісетінін растайды.
8. «ҰБТ-ға дайындалып, Apple гаджеттеріне қол жеткіз» Науқанының нәтижелері testter.kz сайтында 2023 жылдың 30 желтоқсанында жарияланады.
9. Жүлделер 2024 жылдың 10-20 қаңтары аралығында беріледі.
10. Егер Науқан Жеңімпазы Жүлдені алу және рәсімдеу құқығын уақытында пайдаланбаса, бұл жағдайға Ұйымдастырушы жауапты болмайды.
11. Науқанға Қатысушы сауалнамада қате байланыс деректерін ұсынғаны үшін жауапты (Науқанға қатысу құқығынан айырылады).
12. Науқанға қатысу Қатысушылардың «ҰБТ-ға дайындалып, Apple гаджеттеріне қол жеткіз» науқанының ережелері мен шарттарымен танысқанын және олармен толық келісетінін растайды.